Индонезия астанасын неге ауыстырады?

0
533

Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан Индонезияда 287 млн халық тұрады. Соның 88 пайызы ислам дінін ұстанады. Яғни, ең көп мұсылмандар қоныстанған ел саналады. Жер көлемі бойынша әлемде он төртінші орын алатын аралды мемлекет астанасын ауыстырғалы жатыр.

2019 жылы басталған ел астанасын Ява аралынан шығыстағы Калимантан аралына ауыстыру жұмыстары 2024 жылы аяқталады. Сөйтіп, Джакарта астана мәртебесінен айырылады. Жаңа астана – Нусантара. Жаңа қаланың іргетасы 2021 жылы қаланды. Тақыр жерге тұрғызылып жатқан қала құрылысына 32,5 млрд доллар жұмсалады.

Астананы ауыстыруға бірнеше фактор әсер етті. Біріншіден, Джакарта қаласында қазірдің өзінде 11 млн халық тұрады. Ал, агломерация халқының саны 35 млн адамнан асады. Халықтың тығыз орналасуынан көлік кептелісі, экология сияқты мәселелер пайда болады. Екіншіден, мегаполис жылына 15 сантиметрге су түбіне кетіп жатыр. Үшіншіден, астананы халық сирек қоныстанған елдің шығысына ауыстыру арқылы ішкі көші-қон мәселесін шешеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here