Сенатор ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысына қатысты

0
310

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Андрей Лукин Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты.

Депутат өзге елдерден келген әріптестерімен бірге өскелең ұрпақ арасында нашақорлықпен күресу және жастардың салауатты өмір салтын насихаттаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Бұл ретте парламентшілер ҰҚШҰ ПА делегациясының Парламентаралық одақтың 146-шы Ассамблеясының жұмысына қатысуының және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқаудың қорытындыларын қарады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар Кеңестің келесі отырысын және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының он алтыншы пленарлық отырысын өткізу мерзімін, өтетін орнын талқылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here