Өмірзақ Сұлтанғазин академик
Өмірзақтай данаға жар атанған Райхан,
Бабын тауып ағаны ғалым еткен Райхан,
Ұлды да тапқан Райхан,
қызды да тапқан Райхан,
Үлгілі от басына ана болған Райхан,
Немере мен шөбере соңына ерткен Райхан,
Туыс пен туғанға пана болған Райхан,
Дәріс беріп жастардың жолын ашқан Райхан,
Дақ түспеген арыңа қазақтың асыл қызысың,
Аңқылдаған ақкөңіл, асыл туған нұрысың,
Ұлыларын қазақтың ұлықтаған Райхан,
Асылдарын ардақтап, батасын алған Райхан,
Ортамыздың үлкені, келіндердің ұстазы
Сөйлеп кетсе ешкімге дес бермейтін Райхан,
Карта ойнаса ешкімнен жеңілмейтін Райхан
Келіндермен тартысып, карта ойнай бергейсің!
Ақыл айтып, жөн айтып ортамызда жүргейсің!
Кәрілікке берілмей, ғасыр жасай бергейсің!
Ізгі тілекпен,
Нағытай келінің.










