Үндістанда екі айға созылатын әлемдегі ең ауқымды сайлау өтеді

0
452

Үндістан парламентінің төменгі палатасына сайлау бірнеше рекордты жаңартуға бел буды. Біріншіден, науқанға миллиардқа жуық адам қатысады.

Рас, 2023 жылы Үндістан халық саны бойынша Қытайды басып озды. Қазір елде 1,439 млрд адам тұрады, аспан асты елінен 14 млн адамға көп. Бұл басты артықшылыққа саналады.

Екіншіден, дауыс беру ең ұзақ уақытты алады. Яғни, сайлау 19 сәуірде басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. Бұл елдің географиялық ерекшелігіне байланысты (Үндістан – жер көлемінен әлемдегі жетінші ел). Өйткені, қиын аймақтарға дауыс беру кабиналары жылқылар мен пілдермен жеткізіледі. Мысалы, учаскелердің бірі Гималайда рекордтық биіктікте орналасқан (4 650 м). Кейбір сайлау учаскелеріне тек қайықпен жетуге болады. Дауыс беру қорытындысы 4 маусымда шығады.

Осындай ауқымды шараны ұйымдастыру үшін қыруар қаржы қажет. Алдын ала есептеулер бойынша, Нью-Дели сайлауға 1,2 трлн рупий (шамамен 1 14,4 млрд доллар) жұмсайды. Бұл 2019 жылғы шығындардан екі есе көп. Осылайша, 2024 жылғы Үндістандағы парламенттік сайлау 2020 жылы АҚШ-тағы президенттік науқанға тиесілі болған тарихтағы ең қымбат сайлау болады. Неге десеңіз, Вашингтон 4 жыл бұрынғы сайлауға 14,4 млрд доллар жұмсаған екен.

Парламент сайлауына 2,6 мыңнан астам саяси партия тіркелді. Көптеген сауалнамалардың нәтижелері бойынша «BJP» билік партиясы жеңіске жетпек. Оны елдің премьер-министрі Нарендра Моди басқарады.

Айта кетейік, Халық палатасы (Лок Сабха) – 545 депутаттан тұратын Үндістан парламентінің төменгі палатасы.

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here