Армия спортшысы Әсем Орынбай Азия Кубогында үш алтын иеленді

0
128

Армия орталық спорт клубының спортшысы Әсем Орынбай Алматы облысының Іле ауданында стендтік атудан өтіп жатқан Азия Кубогында олжалы болды. 

Оған Бахрейн, Үндістан, Иордания, Иран, Қазақстан, Катар, Қытай, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан және Жапониядан 200-ден астам спортшы қатысты. 

Әйелдер арасында кіші сержант Әсем Орынбай  «скит» жаттығуында жеңіске жетсе, екінші орын кувейттік спортшы Эман Әл Шамаға бұйырды, «қоланы» Катар елінің өкілі Рим Әл Шаршани алды.  

Эдуард Ещенкомен бірге Әсем Орынбай «скит-микс» аралас командалық жарысында да алтын алды. Жарыстың осы түріндегі «күмісті» катарлық атқыштар Рашид Салех Әл Атчба мен Рим Әл Шаршани, «қоланы» Жапония өкілдері Шотаро Тогучи мен Юка Кожима және Бахрейн елінің өкілдері Таммар Әл Уатт пен Латифа Әл Наджем алды.

Әсем Орынбай аралас командалық жарыстарда да Зоя Кравченко және Адель Садақбаевамен бірге өнер көрсетіп, чемпион атанды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here