Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысы Жомарт шахтасындағы апаттан қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты.
– Бүгінгі отырысты Ұлытау облысындағы төтенше жағдайдан бастаймыз. Үкіметтің атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарды жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды.
– Оны менің орынбасарым Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев басқарды. Оқиғаның мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек, – деді ол.