Мәулен ӘШІМБАЕВ: Рәміздерді қадірлеу – баршамызға бұлжымас қағида

0
87

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен ӘШІМБАЕВ Мемлекеттік рәміздер күніне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жазба қалдырды. Онда былай делінген:

Құрметті достар!

Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер – елдік пен еркіндіктің негізі, әр азаматтың бойына рух, жігер, намыс дейтін қасиеттерді дарытатын қастерлі құндылық және халқымыздың тарихи сабақтастығының жарқын көрінісі. Сондықтан Ту, Елтаңба және Әнұранды қадір тұту – баршамыз үшін бұлжымас қағида.

Атаулы күнге байланысты бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірге Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатыстық. Мемлекет басшысы атап өткендей, ұлт нышандары Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді.

Мемлекеттіліктің тұғырын бекемдей түсетін мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін!

Көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін!

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here