Астанада Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері қанша теңгеден алады?

0
189

Астанада 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге дәстүрлі біржолғы әлеуметтік төлемдер берілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қалалық мәслихаттың қаулысына сәйкес, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде төлем жасалған.

Сонымен қатар, басқа санаттағы азаматтарға да әлеуметтік көмек көрсетілді:

• ҰОС-қа теңестірілген ардагерлер (476 адам) – 45 АЕК (194 625 теңге);
• басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (1 167 адам) – 45 АЕК;
• тыл еңбеккерлері мен өзге де санаттағы азаматтар (1 753 адам) – 15 АЕК (64 875 теңге).

Жалпы алғанда, қала бойынша 3 398 адамға біржолғы төлем берілген. Бұдан бөлек, ардагерлерге жергілікті бюджет есебінен бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Олардың қатарында коммуналдық қызметтерге ай сайынғы төлемдер, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүру және санаторлық-курорттық емделу бар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here