Ерлан Қарин: Қазақстан өзінің тарихи және рухани мұрасын зерттеуді жүйелі түрде қолға алды

0
28

Алматыдағы Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасына арналған «Философия. Этика. Болашақ» атты халықаралық симпозиумға қатысқан Вице-президент Ерлан Қарин ауқымды әрі маңызды ғылыми іс-шара екі жылда бір рет тұрақты түрде ұйымдастырылатынын жеткізді.

– Президент Түркістанда – Ясауи, Алматыда әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумдарды бұдан былай тұрақты түрде ұйымдастыруды тапсырды. Сондықтан, екі үлкен тұлғаға арналған мұндай жиындар кезекпенен екі жылда бір рет өткізіледі. Бұл – рухани мұрамызды науқандық емес, институционалдық деңгейде жүйелі әрі кешенді зерттеуге көшкенімізді көрсетеді. Қазақстан өзінің тарихын, рухани мұрасын зерттеуді, насихаттауды жүйелі түрде қолға алып жатыр. Бұл – ағартушылық бағыттағы үлкен бетбұрыстың белгісі, – деді Ерлан Қарин.

Вице-президент халықаралық симпозиумның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Президент жиынға қатысушыларға жолдаған хатында ұлы ойшылдардың озық идеяларын терең зерделеп, өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттаудың, сондай-ақ оның бәрін заманауи ғылым тұрғысынан пайымдаудың маңызды екеніне назар аударған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here