Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері балалар үшін «Құпия Сантаға» айналды

0
1063

Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облысы Полиция департаменті арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін «Бір баланың арманын орында» атты жүрекке жылу сыйлайтын қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Балаларға Аяз атаға арналған хатқа өздерінің ең асыл армандарын жазу ұсынылды. Бүлдіршіндердің жазбаларында техника мен виртуалды шындық құрылғылары, ойыншықтар мен кітаптар, көйлектер мен косметика, спорттық киімдер мен құрал-жабдықтар, тарихи және көркем әдебиеттер туралы тілектер болды.

Хаттардың бірінде болашақта полиция қызметкері болу және осы жолда алғашқы қадам жасауға көмектесетін дайындық кітаптарына ие болу туралы ерекше арман жазылған.

Бұл хаттар жауапсыз қалған жоқ. Акцияны Департамент басшылығынан бастап, қарапайым қызметкерлерге дейін барлық бөлім қызметкерлері бір кісідей қолдады.

Әрқайсысы өз сыйлығына тек қаражат қана емес, жүрек жылуын да қоса отырып, нағыз «Құпия Сантаның» рөлін атқарды.

Нәтижесінде балалардың бірде-бір тілегі орындалмай қалған жоқ – хаттарда жазылған барлық сыйлықтар сатып алынды.

Сыйлықтарды мереке қарсаңында Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев балаларға жеке өзі табыстады.

Армандары орындалған балалардың қуанышы шынайы әрі ерекше болды. Олардың бақытты жүздері, күлкілері мен шаттыққа толы эмоциялары — жаңа жылдық ғажайыптың шын мәнінде жүзеге асқанын дәлелдеді.

Мұндай игі бастамалар шынайы көңіл мен адами жанашырлықтың балаларға үміт сыйлап, олардың әлемін жарық ете алатынын тағы бір мәрте көрсетеді. Ал әрбір сыйлық — армандардың міндетті түрде орындалатынына сену керектігін еске салады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here