Жас ғалымдардың жетістіктері

0
335

Өткен аптада, 13 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері жас ғалымдармен онлайн режимінде кездесті, Олар өздерінің зерттеулері туралы айтып, зерттеу жоспарларымен бөлісті.

Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Нархоз университетінің доценті Еділ Оспанов академиялық сауаттылық және оның ерекшеліктері; зерттеу тақырыбын таңдау және ақпаратты іздеу; жазу үдерісі; сыни ойлау; диссертацияның құрылымы сияқты мәселелерді егжей-тегжейлі баяндап берді. Сондай-ақ, жас ғалым академиялық сауаттылық саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, құнды ұсыныстар жасады.

Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD Ассоциация мүшесі, Уорик университетінің (University of Warwick, UK) PhD докторанты, кездесуді ұйымдастыруға басты себепкер болған отандасымыз Анар Мұхтарова бірлестіктің миссиясы мен мақсатын таныстырды.

Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов қатысты. Ол академиялық сауаттылық, сыни ойлау және ғылыми ізденістерге шығармашылық көзқарас жас ғалымдардың ой еркіндігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Модераторлар – PhD доктор Ж.Д. Байшемиров және PhD докторант А.Р. Рыскан.

Онлайн-кездесу өте тиімді болды, қатысушылар көптеген пайдалы идеялармен алмасты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here