Ректор көктемгі семестрдің қалай өтетінін түсіндірді

0
330

Бүгін, 13 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында ұстаздар ұстаханасында 2020/2021 оқу жылындағы көктемгі семестр қалай өтетінін жазды.

Ректордың жазуынша, бакалавриаттың барлық курстары үшін сабақтар 2020/2021 оқу жылының Академиялық күнтізбесіне сәйкес (2021 жылғы 18 қаңтар) онлайн-форматта басталады. Оқу процесі тек қана 1 курс студенттері үшін алдағы семестрдегі оқытудың барлық бағыттары бойынша аралас форматта (дәрістер мен семинарлар қашықтан, қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтар санитарлық шараларды және 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып аралас форматта) өткізіледі. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда 1 курс студенттері өтініш негізінде қашықтан оқуды жалғастыруға құқылы.

«1 курс студенттері көрсетілген кесте бойынша офлайн-форматта оқиды: 2021 жылы 1 ақпанда Математика, физика және информатика институтының, Өнер, мәдениет және спорт институтының 1 курс студенттеріне; 8 ақпан – Жаратылыстану-география институтының 1 курс студенттеріне көктемгі семестр басталады; Басқа институттар, Педагогика және психология институты, Филология және көптілді білім беру институты, Сорбонна-Қазақстан институты, Тарих және құқық институттары онлайн режимінде оқиды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде студенттер осы жылдың наурыз айында оқуға шақырылады. 2-ші және 3-ші курс студенттері келесі білім салалары бойынша әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып, аралас форматта (модульдік жүйе бойынша) оқитын болады: Педагогика ғылымдары («Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау»); Өнер; Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика. 4-курс студенттері үшін оқу университеттің Академиялық саясаты мен Академиялық күнтізбесіне сәйкес дайындық бағыттарына байланысты аралас форматта өтеді» деп жазды ректор.

Такир Оспанұлының мәліметінше, магистранттар мен докторанттар Университеттің Академиялық саясаты мен Академиялық күнтізбесі негізінде теориялық оқуды қашықтан және (қажет болған жағдайда) аралас оқыту форматында (модульдік жүйеде) жалғастырады. ҒЗЖ орындау және жеке жоспарларға сәйкес қорытынды аттестаттаудан өту үшін жағдайлар жасалатын болады. Ал, шетелдік студенттер, дайындық курстарының тыңдаушылары қашықтан оқуды жалғастырады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here