Ұлыбританияның алты университетінен шақырту алған студент

0
711

Абай университетінде «6В01508-Информатика ағылшын тілінде» мамандығы бойынша білім алып жатқан 4-курс студенті Назерке Білімжанқызы Ұлыбританияның алты бірдей беделді университетінен магистратураға оқуға шақырту алды.

Атап айтқанда, UCL (University College London) – MA Education; King’s College London – STEM Education MA; The University of Manchester – MA Digital technologies, communication and education; University of Sheffield – MA Education; University of Reading – MA Education және University of York – MA Education.

Айта кетейік, Назерке Білімжанқызы 2019 жылы Алматы қаласындағы №173 физика-математика лицейін «Алтын белгімен» бітірген. Ағылшын тіліне деген қызығушылығы оны «Информатика ағылшын тілінде» мамандығына оқуға түсуге ықпал еткен. Ол Абай университетінің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, өзінің білімі мен тәртібі арқылы университет мақтанышына айналған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here