Абай атындағы ҚазҰПУ-да бірінші халықаралық TOEFL ITP емтиханы өтті

0
1602

Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын аккредиттелген TOEFL тестілеу орталығы бірінші халықаралық TOEFL ITP емтиханын сәтті өткізді.

Емтихан 2021 жылы 3 маусымда Өнер, мәдениет және спорт институтының ғимаратында (Уәлиханов 64А) өткізілді. Емтиханға 25 адам тіркеліп, оның ішінде 24 адам тест тапсырды. Олардың көпшілігі магистратура мен докторантураға түсушілер.

TOEFL – ағылшын тілінен халықаралық тест. Осы тест бойынша жоғары балл жинаған адамның алдында көптеген есіктер ашылады. Мысалы, жақсы нәтиже алған студент шетелдік компанияда жұмыс істеуге немесе шетелдік жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға, жоғары оқу орындарына түсу ережелеріне сәйкес ағылшын тілін білу туралы сертификат талап етіледі.

Енді халықаралық TOEFL ITP тестін біздің университеттің қабырғасында тапсыруға болады. Келесі емтихан 2021 жылдың 1 шілдесіне жоспарланған.

Абай атындағы ҚазҰПУ-да өтетін емтихан форматы қаржылық тұрғыдан алғанда ең оңтайлы болып табылады. Тестілеуге өтініш беру үшін http://toefl-exam.tilda.ws/ ресми сайтына өтуіңізге болады.

Емтиханға тіркелу сұрақтары бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 7272 91 62 30 – Наргис

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here