Жәңгір хан туралы тарихи телехикаяның көрсетілімі басталды

0
359

«Qazaqstan» телеарнасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген 12 сериялы «Сарай сыры» телехикаясының көрсетілімі басталды. Фильмнің сюжеті Бөкей Ордасын 1823 жылдан 1845 жылға дейін басқарған Жәңгір ханның өмір тарихы жайлы. Телехикая Орданы басқарудың ішкі процестері туралы ғана емес, сонымен бірге маңызды әлемдік тарихи оқиғаларды қамтиды. Жоба Жәңгір ханның өзінің де, басқа да тарихи кейіпкерлердің күрделі де сан қырлы тұлғасын аша түседі.

«Орынбор және Уфа қалалары мүфтиінің қызы Фатима ханшаның Хан ордасына келіп түсуімен хикаядағы шытырман оқиғалар жаңа өpic алады. Хандықтың соңғы жылдарында Исатай мен Махамбеттің тұлғасына қатысты шиеленіске толы тарихи оқиғалар да қамтылған. Бұл оқиғалардың көпшілігі тарихи шындық болғанымен, телехикаяда көркем шығармаға тән стильмен астаса беріледі», – дейді жоба жетекшісі Арман Сқабылұлы.

Сериалдың режиссері – Бақыттас Санитас. Телехикаяда Жәңгір ханның рөлін Өмірәлі Медғат, Фатиманың рөлін – Әмина Мектепбаева, Исатай батырдың рөлін – Нұрлан Сағынаев, Махамбет Өтемісовтің рөлін – Дархан Сүлейменов сомдады.

«Сарай сыры» хикаясын «Qazaqstan» арнасының эфирінен 7 ақпан мен 22 ақпан аралығында сағат 21:30-да көруге болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here