Проректор Astana Finance Days халықаралық конференциясына қатысты

0
808

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жанар Қасымбекқызы Елордада өткен дәстүрлі халықаралық Astana Finance Days конференциясына қатысып қайтты. 

Астана халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірдегі ең ірі қаржылық конференцияның биылғы тақырыбы – «Орнықтылық. Әлеуметтік жауапкершілік. Өсу» деп аталды. Биылғы шарада шетелден арнайы шақырылған спикерлер тұрақты әлеуметтік-жауапты өсуді қамтамасыз ету үшін қолданыстағы және жаңа жүйелік құралдардың әлеуетін талқылады. Тиімділікті арттыруға және қамтуға арналған цифрлық құралдар, барлық адамдар үшін капиталға ең жақсы қолжетімділік, тұрақты өсуді қамтамасыз ету үшін инвестициялар мен қаржы, тағы басқа өзекті тақырыптар талқыланды.

Проректор Жанар Рысбекова жиынның соңғы күні қаузалған «Отбасы мен бизнестегі құндылықтарды арттыру» тақырыбының аясында спикер болып, конференцияның арнайы  сертификатын иеленді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here