Тағылымдамадан өту арқылы ақша табудың жолы кімдерге ұсынылып отыр?

0
918

Жаңа Smart Start жобасы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы IT мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге тағылымдама ұсынып отыр. Бұл жоба мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыру мақсатында қолға алынған.

Жоба үш кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау. Үміткер бірінші кезеңге қатысу үшін арнайы өтінімді толтыруы қажет. Оны Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтынан жүктеп алуға болады. Одан кейін түйіндеме, оқу орнынан анықтама, GPA транскрипті және «Неге мемлекеттік корпорацияда жұмыс істегім келеді және болашақта компанияға қандай пайда әкелемін?» тақырыбына эссе (2 беттен артық емес, Times New Roman, 14) талап етіледі. Өтінім мен қажетті құжаттарды i.rakhimova@gov4c.kz сілтемесі бойынша жіберуге болады.

Екінші кезеңде қатысушыларға қабілеттерін тестілеу, ал қорытынды үшінші кезеңде сараптау комиссиясымен әңгімелесу жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация ақтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздарға жобалар менеджері, өнім талдаушылары, backend/frontend әзірлеушілер мен жүйелік әкімшілердің позицияларын ұсынады.

Айта кетейік, өтінімдер 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында қабылданады. Іріктеуден өткен студентер уақытша жұмысқа орналасып, еңбегі үшін ақы алады. Ал, тағылымдама қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар тұрақты жұмысқа қабылданады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here