БОЛАШАҒЫМЫЗДЫ АЙҚЫНДАҒАН ЖОЛДАУ

0
1329

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Еліміздің дамуына және халықтың тұрмыс-тіршілігіне әсер ететін мәселелер қарастырылды.

«Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты, – деген Президентіміз әйел азаматшаларының зейнет жасын 61 жасқа дейін түсіріп, шетелдердегі білікті мамандарымызды мемлекетімізге қайтару үшін жағдай жасайтынын айтты. Отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын оларда білім алу құны да өседі. Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, ол ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша – 30-дан 100 пайызға дейін сараланады. Жылдық 2-3 пайызбен білім алуға жеңілдетілген несиелер де берілмек. Бұл біздің мемлекетімізде білікті мамандардың даярлануына үлкен бастама болмақ. Аталмыш Жолдауда басты назарға алынған мәселелер халықтың ойында жүрген сұрақтардың жауабын тауып беруге тиіс. Биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, президенттік мандат 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды. Ал келесі 2023 жылы Мәжіліс және мәслихат сайлауы өткізіледі. Осындай саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» формуласының маңызын арттырып, болашағымызды айқындайтыны анық.

• Елдегі минималды жалақы – 70 мың теңге көлемінде болады;
• 100 мыңнан астам жастарға жұмыс қарастырылды. Кәсіппен айналысуға 2,5% несие беріледі;
• Қаңтар оқиғасына қатысқандарға амнистиция жасалады;
• Жоспарға сай пайдалану үшін игерусіз жатқан жерлерді қайтару көзделуде;
• Ауыр қылмыс жасағандарға мерзімінен бұрын босап шығуға шектеу қойылды;
• Балабақшадағы тәрбиешілер аттестацияланып, жалақылары көтеріледі;
• Бала күтіміне байланысты тағайындалатын жәрдемақы 18 айға дейін көбейтілді;
• Медициналық сақтандыру жүйесі қайта қаралады.

Президенттің Жолдауын тындадық. Бұл біздің еліміздің әртүрлі салада алға жылжуына арналған бағдаршам болып тұр. Бәріміз жұмылып Жолдаудың орындалуына атсалысайық.

Нұрсұлтан Орынбасаров, Алматы облыстық мәслихат депутаты

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here