Біліктілікті арттыру институттарының жұмысы жандануда

0
1039

Педагог мамандарының мәртебесін көтеру, олардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған, тікелей министрліктің басты назарында тұрған жоспарлардың бірі. Осыған орай біліктілікті арттыру орталықтарының да жұмысы жанданып келеді.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне қарасты Біліктілікті арттыру институты жаңа оқу жылы басталысымен, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылар құрамына «Педагогикалық үдерістің әдістемесі және әдістемелік қамтамасыз етілуі» атты біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курстың мақсаты – біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудың басым стратегиялары мен оқу-әдістемелік кешендерін дұрыс жоспарлау негізінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

10 күнге созылған 72 сағаттық оқыту курсына өнер академиясының 50-ге жуық ұстаздар құрамы қатысып, университеттің жалпы және әлеуметтік педагогика кафедрасының доценттері, педагогика ғылымдарының докторлары Күлзада Құдайбергенова мен Күлпаш Сариеваның дәрістерін тыңдады.

Бағдарламаны меңгеру нәтижесінде ұстаздар өзін-өзі дамыту, біліктілігі мен дағдыларын арттыру, әдістемелік көзқарасын кеңейту және тереңдету қабілеттерін игерді.

Курсты аяқтағаны туралы арнайы сертификатты Біліктілікті арттыру институтының директоры Камеш Хамзина курс қатысушыларына өз қолымен табыстады.

Білім алушы топ университет ұжымы мен басшылығына, педагогикалық білімімен бөліскен оқытушы ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Алдағы уақытта екі тарап та әріптестік қарым-қатынаста бірлесіп жұмыс істемек.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here