Өзге өңірдің колледж студенттеріне каникул кезінде 13,8 мың теңге төленеді

0
833

Биылдан бастап өзге өңірден келген колледж студенттерінің жол жүру ақысы билетсіз-ақ өтеледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңалықтарға тоқталды.

«Биылдан бастап басқа қаладан келген студенттерге каникул уақытында растайтын құжаттарсыз жол жүру ақысына өтемақы (13 800 теңге) төленеді», – деп нақтылады Ғани Бектайұлы.

Министрдің айтуынша, колледж базасында жоғары сынып оқушыларына жұмысшы біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл оқу аяқталғаннан кейін түлектерге мектеп аттестатымен бірге колледж дипломын алып, еңбек нарығына шығуға мүмкіндік береді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here