Туды қорлағандар 10,3 млн теңге айыппұл төлейді

0
676

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды жауапқа тарту қатаңдатылғанын айтты. Айыппұл мөлшері – 3 000 АЕК, яғни 10 350 000 теңге.

«Президент тапсырмасымен Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді», – деді вице-министр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here