Ақылбек Күрішбаев Ұлттық кеңестің мүшесі болып тағайындалды

0
300

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болып тағайындалды.

Ел Президентінің осы жоғары сеніміне ие болған Ақылбек Қажығұлұлын шын жүректен құттықтаймыз! Ол қай салада жұмыс істесе де, өзіне жүктелген барлық міндеттерді әрқашан абыроймен орындап, отандық ғылым мен білімнің мүдделерін белсенді қорғай білді.

Оның басшылығымен қазіргі уақытта біздің университетте де үлкен оң өзгерістер болып жатқанына қуаныштымыз.

Ақылбек Қажығұлұлына зор денсаулық және қазақстандық ғылымды дамыту жолындағы еңбегіне үлкен табыстар тілейміз!

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here