Жас келсе іске

0
1421

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі әрі бірегейі – жастар мәселесі. Қоғамның дамуында жастардың алар орны ерекше. Мемлекет тарапынан жастардың жан-жақты дамуына барынша жағдайлар жасап келеді. Амангелді Айдын қазіргі кезде Жетісу облысына қарасты Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылындағы Күреңбел қазақ орта мектебінде дене шынықтыру пәнінен жас маман қызметкері ретінде жұмыс істеп келеді. «Жас келсе іске» демекші, мектепішілік, аудандық іс-шараларға белсенді қатысып, көпшілік ризашылығын алуда.  

Айдынның жас маман ретінде 6 «В» сынып оқушыларымен «Күш пен шыдамдылықты дамыту жаттығулары» тақырыбында берген ашық сабағы өте жоғары деңгейде өтті. Амангелді Айдын өз сабағын бастамас бұрын білім алушылармен «Сергіту жаттығуы» арқылы психологиялық ахуал орната отырып, жаттығу жұмыстарын жасата білді. Білім алушыларды 2 топқа бөлді. «Кім алысқа секіреді?» әдісі бойынша оқушыларды кезекпе-кезек бір орнында тұрып, ұзындыққа секіртті. Әр білім алушының секірген ұзындықтары бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық білім алушыларды ұзындыққа секірген өлшемдерін қосып, қай топ жеңімпаз екендігін анықтады. Жас маман үшін бұл өте керемет әдіс-тәсілдердің бірі.

Сабағының соңында «Дартс» әдісі бойынша сабақты қорытындылады. Қойылған мақсаттарына толыққанды жете білді. Жастығы мен алға деген құлшынысы жоғары маман екендігін тағы да дәлелдей білді.

Айдын өз сөзінде «Гаухар тастың қанша қыры болса, сонша сәуле шашатыны анық». Осы ретте сол бір сәуленің жарқырап түсуіне, бірден бір үлес қосып жүрген алдыңғы аға буын апайлар мен ағайларға алғысын айтты.  

К.Кыстаубаева
Күреңбел қазақ орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here