Байденнің бағы қайта жана ма, әлде Трамп тағына орала ма?

0
897

2024 жылы 5 қарашада АҚШ-та 60-шы рет президент сайлауы өтеді. Президент сайлауына әлі бір жылдан артық уақыт болса да, қазірдің өзінде саяси науқан қызып тұр. Неге десеңіз, АҚШ Конституциясының екінші бабы бойынша президенттікке кандидаттар өздерінің саяси партияларынан праймериз нәтижелері бойынша ұсынылады. Сайлауға тәуелсіз кандидат та қатысуға құқылы. Дегенмен, президент тағы үшін талас негізінен демократтар мен республикашылар арасында өрбиді.

Алдағы жылы Демократиялық партия атынан АҚШ президенті сайлауына қатысуға 80 жастағы қазіргі президент Джо Байден, атақты Кеннеди әулетінен шыққан 69 жастағы заңгер Роберт Фрэнсис және 70 жастағы жазушы Марианна Уильямсон ниет білдірді.

Республикалық партия атынан қазірдің өзінде 9 кандидат праймеризге қатысуға тіркелді, тағы бес кандидат саяси науқанға қатысатынын мәлімдеді. Олардың қатарында «сен тұр, мен атайын» дейтін мықты саясаткерлер де бар. Атап айтқанда, 77 жастағы экс-президент Дональд Трамп, 44 жастағы Флорида штатының губернаторы Рон Десантис, 64 жастағы бұрынғы вице-президент Майкл Пенс, 57 жастағы сенатор Тим Скотт, 72 жастағы Арканзас штатының губернаторы Аса Хатчинсон, 37 жастағы кәсіпкер Вивек Рамасвами. Сарапшылар праймеризде жеңіске жетуге Дональд Трамптың мүмкіндігі мол екенін айтады, оған Рон Десантис лайықты қарсылас болатынын да жоққа шығармайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here