Президент БҰҰ мінберінде Украина айналасындағы дағдарысты шешудің басты қағидатын атады

0
161
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлеп, Украина айналасындағы дағдарысқа тоқталды.

– Қазақстан бейбіт тұрғындарға орасан зор залал келтіріп, жаһандық сенімге селкеу түсірген және халықаралық қауіпсіздікті әлсіреткен Украина айналасындағы дағдарысқа алаңдаулы. Дегенмен, аталған қақтығысты тоқтату үшін екіжақты және халықаралық деңгейдегі дипломатиялық күш-жігерді жалғастырып, қос мемлекет ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетін саяси икемділік көрсетуі керек, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев аумақтық дау-дамайды шешу ешқашан оңай болмағанын еске салды.

– Ол келешек ұрпақтың қамы үшін екі жақтың да барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуын талап етеді. Өшпенділік психологиясы қақтығысқа қатысушы тараптардың бітімге келуіне мүмкіндік қалдырмай, қай-қайсысын да құрдымға жібереді, – деді Мемлекет басшысы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here