ҚБТУ-да жаңа бағдарлама: «Бизнес-аналитика және жасанды интеллект»

0
1744

Бүгінгі күні бизнес пен технологияны бөлу мүмкін емес. Компаниялар дұрыс шешім қабылдау үшін деректерге сүйенеді, ал жасанды интеллект заманауи экономиканың қозғаушы күшіне айналды. Қазақстан-Британ техникалық университеті еңбек нарығындағы осы сұранысқа жауап ретінде жаңа «Бизнес-аналитика және жасанды интеллект» білім беру бағдарламасын іске қосты.

Президент Жолдауымен үндес бастама
Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы мен экономикалық өрлеуінің негізгі факторы ретінде цифрландыруды, инновацияны және жасанды интеллектті дамыту қажеттігін атап өтті. Осыған орай, ҚБТУ-дың жаңа бағдарламасы елдің стратегиялық бағытымен толық сәйкес келеді және болашақ мамандарды жаңа экономиканың талаптарына сай даярлауға бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның негізгі мақсаты – бизнес-талдау әдістерін және жасанды интеллект технологияларын меңгерген, деректерге сүйене отырып стратегиялық шешімдер қабылдай алатын, цифрлық трансформацияны жүзеге асыратын мамандарды даярлау.

Оқу ерекшеліктері
Бағдарламаның жалпы көлемі – 240 ECTS кредит, оқу мерзімі – 4 жыл. Студенттер дәрістер мен практикалық сабақтармен қатар, өндірістік тәжірибеден өтіп, нақты жобалармен жұмыс істейді.

Мамандықтар мен кәсіби мүмкіндіктер
Бағдарламаны тәмамдаған түлектер келесі бағыттарда жұмыс істей алады:
– бизнес-аналитик, деректер аналитигі, BI маманы;
– машиналық оқыту инженері, жасанды интеллект инженері;
– data scientist, AI шешімдері архитекторы;
– жобалар менеджері, өнім менеджері;
– цифрлық трансформация және ЖИ бойынша консультант.

Жұмысқа орналасу перспективалары
Бағдарлама түлектеріне ұлттық және халықаралық ұйымдарда, мемлекеттік құрылымдарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде, ірі қаржы институттарында, консалтингтік және IT-компанияларда жұмыс істеуге жол ашық. Сонымен қатар, түлектер шетелдік университеттердің магистратура бағдарламаларына түсуге де мүмкіндік алады.

ҚБТУ-дың «Бизнес-аналитика және жасанды интеллект» бағдарламасы – Президент Жолдауында айтылған цифрлық даму басымдықтарын жүзеге асыруға үлес қосатын, заманауи еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлайтын бірегей жоба.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here