Ақтауда жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
Үкіметте трансшекаралық хабтарды дамыту жөніндегі шаралар қаралды
Жобаның жалпы құны – 300 млн доллар. Портты қытайлық «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобымен бірлесіп салу жоспарланған.
«Қазіргі уақытта инвестор компанияны өңірде тіркеп қойды, енді инвестициялық келісімге қол қою үшін құжаттар дайындап жатыр. Жоба «Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа» жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады», – дейді 47 жастағы Нұрдәулет Игілікұлы.
Осы жобаның арқасында жүктерді жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, ал көлік шығындарын 18-25% төмендетуге мүмкіндік болады.











