Ұлттық құрылтай: Ұлы мұрат жолындағы өзгерістер

0
1408

Президент ұсынған өзгерістер қоғамның әділетті, орнықты және есеп беретін мемлекеттік басқаруға деген нақты сұранысынан туындаған, елдің саяси жаңғыруындағы логикалық әрі уақытылы кезең.

Парламенттің жаңартылған форматы өкілділікті күшейтіп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде қабылданатын шешімдердің сапасын арттырады. Вице-президент институтының енгізілуі жоғары мемлекеттік билік жүйесінде сабақтастықты, тұрақтылықты және жауапкершілікті нығайтатын қосымша тетік қалыптастырады, бұл жаһандық сын-қатерлер жағдайында айрықша маңызды.

Халық кеңесін құру бастамасының мәні ерекше. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты институционалдық тұрғыда бекітуге, азаматтардың стратегиялық шешімдерді әзірлеуге қатысуын кеңейтуге және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нығайтуға бағытталған нақты қадам.

Жалпы алғанда, Құрылтайда айтылған бастамалар Президенттің жүйелі реформалар жүргізу, мемлекеттік егемендікті күшейту, саяси жауапкершілік пен ұлт бірлігін нығайту бағытындағы берік ұстанымын айқын көрсетеді. Бұл – бір реттік шаралар емес, ұзақ мерзімді даму мен азаматтардың сеніміне негізделген Жаңа Қазақстанның тұтас архитектурасының ажырамас бөлігі.

Амангелді Нұғманов,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here