Қазақстандық лоукостер «FlyArystan» әуе компаниясы жазғы маусымда Астанадан Батумиге тікелей рейсті іске қосатынын хабарлады.
Рейстер 2026 жылғы 2 маусымнан 29 тамызға дейін аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады:
- Астанадан ұшу – сейсенбі күндері сағат 05:45-те және сенбі күндері сағат 06:50-де;
- Батуми қаласынан кері рейстер – сейсенбі күндері сағат 10:00-де және сенбі күндері сағат 11:00-де орындалады.
Бір бағыттағы әуе билетінің құны 68 мың теңгеден басталады.
Батуми – Қара теңіз жағалауындағы курорттық қала және Аджарияның әкімшілік орталығы. Қала өзінің жұмсақ климаты, бай тарихи мұрасы және алуан түрлі гастрономиясымен танымал.
Еске салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Грузияның «Туризм туралы» заңына сәйкес ел аумағына кіретін барлық туристер міндетті түрде жарамды медициналық сақтандыру полисі мен жазатайым оқиғалардан сақтандыру полисін рәсімдеуі тиіс.









