2025 жылы Алматы облысына 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды

0
997

Соңғы жылдары Алматы облысының экономикасында бірқатар оң өзгерістер байқалып отыр. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі өсіп, өңдеу өнеркәсібі белсенді дамуда. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешені, логистика және туризм салаларына инвестициялар артып келеді. Индустриялық аймақтар құрылып, жаңа өндіріс орындары іске қосылуда. Бұл өңірдің экономикалық құрылымын әртараптандыруға және тұрақты өсімге мүмкіндік беріп отыр.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы экономикасына 1,3 трлн теңге инвестиция тартылған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 29,4%-ға жоғары көрсеткіш екен. Инвестициялық жобалардың іске асуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беруде. Жаңа кәсіпорындар мен өндіріс орындары іске қосылған сайын жергілікті тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындары құрылып, халықтың табысы артуда. Сонымен қатар, қызмет көрсету саласында да қосымша жұмыс орындары пайда болып, өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етуде. Өңірде 72 541 жұмыс орны ашылған, оның ішінде 58 528-і тұрақты жұмыс орындары.

Алматы облысы еліміздің маңызды индустриялық және логистикалық орталықтарының бірі ретінде дамып келеді. Бұл ретте көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуы өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің өсуіне үлкен әсер етеді. Қазіргі уақытта өңірде 470 млрд теңгеден астам сомаға 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Өнеркәсіп және өндіріс – сусын, тағам, құрылыс материалдары өндірісі. Логистика және көлік инфрақұрылымы – халықаралық логистикалық хабтар. Агроөнеркәсіп кешені – азық-түлік өңдеу кәсіпорындары.

Облысқа шетелдік инвестиция тарту бағытында бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Соңғы жылдары халықаралық компаниялармен бірлескен жобалар саны көбейіп, өндіріс пен логистика салаларында жаңа кәсіпорындар ашылуда. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығының артқанын көрсетеді.

Алматы облысы инвесторлар үшін жоғары әлеуеті бар өңірлердің бірі болып табылады. Өңірдің негізгі артықшылықтарының бірі – Алматы қаласына жақын орналасуы және халықаралық көлік дәліздеріне қолжетімділігі. Сонымен қатар, облыс ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салаларын дамыту үшін қолайлы табиғи және экономикалық ресурстарға ие. Индустриялық аймақтардың болуы, арнайы экономикалық аймақтардың дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары инвесторларға жобаларды тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

Индира БІРЖАНСАЛ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here