Үкімет үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын бекітті

0
124

Бүгін Үкімет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджет туралы заң жобасы мақұлданды.

– Бюджет қаражатын барынша тиімді әрі уақытылы пайдалануды қамтамасыз ету, ағымдағы шығыстардың ұлғаюына жол бермеу, сондай-ақ шығыстарға қатаң бақылау орнату өте маңызды. Талқылауларды ескере отырып, 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдауды ұсынамын. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына дауыс берейік, – деді Премьер-министр.

Дауыс беру барысында Үкімет мүшелері үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қолдады.

– Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне Үкімет аппаратымен бірлесіп, Құрылтайға заң жобаларын енгізуді қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Үкімет басшысы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here