VI Baiqonyr International Short Film Festival жеңімпаздарын жариялады

0
1256

VI Baiqonyr International Short Film Festival 12 қыркүйекте өз мәресіне жетті. Фестивальдің басты жүлдесін режиссер Асель Аушакимованың «Товарищ полицейский» фильмі алды. Сонымен қатар, полицияның имидждік акциясы туралы репортаж түсіруге тиіс қазақстандық мемлекеттік арнаның журналисі туралы бұл фильм «Үздік оператор» номинациясында (Сардар Баймолдин) да жеңіске жетті.

Халықаралық байқаудың Гран-при жүлдесі Армениядан келген «Новогодний поросенок» картинасына бұйырды. Сондай-ақ, бұл фильм үздік ер адам рөлі номинациясын жеңіп алды.

Жеңімпаздардың толық тізімі келесідей:

Ұлттық конкурс:

«Үздік фильм» — «Товарищ полицейский» – Асель Аушакимова, Жанна Утарбаева
«Үздік режиссер» — «Түйме» – Нұрбол Ерболұлы
«Үздік сценарий» — «Граната» – Далер Мурзагалиев, Талгатбек Абишев
«Үздік оператор» — «Товарищ полицейский» – Сардар Баймолдин
«Үздік актер» — «Граната» – Марат Абайдильда
«Үздік монтаж» – «Көше ақыны» – Гүлжан Серікбай
«Үздік деректі фильм» – «Микеланджело из Тараза» – Рүстем Дастанұлы
«Үздік анимациялық фильм» – «Не выходя из комнаты» – Амина Тазиатова

Халықаралық конкурс:

Гран-при – «Новогодний поросенок» – продюсер Карина Симонян (реж. Александр Багдасарян) – Армения
«Үздік режиссура» — «Простите, что опоздали» – Лука Берадзе – Грузия
«Үздік оператор» — «Парамнезия» – Александр Кузнецов – Ресей – Әзірбайжан – Қазақстан
«Үздік сценарий» — «Мечта» –  Чингиз уулу Самудин, Қырғызстан
«Үздік әйел рөлі» — «Простите, что опоздали» – Като Калотазишвили, Грузия
«Үздік ер адам рөлі» — «Новогодний поросенок» – Aрег Геворгян, Армения
«Арнайы жүлде» — «Вторжение» – Данте Рустав, Өзбекстан

Биылғы жылы халықаралық қазылар алқасын Ресейден келген киносыншы, МТКФ Ресей Халықаралық кинофестивалінің қысқа метр байқауының іріктеушісі – Андрей Щиголев басқарды. Онымен бірге ұлттық конкурстың жеңімпаздарын ФИПРЕССИ және НЕТПАК мүшесі Гүлбара Толомушева (Қырғызстан), киносыншы Адиля Хайбуллина (Татарстан), продюсер Дина Жұмабек, дыбыс режиссері Денис Коноплев, қоюшы оператор Едіге Несіпбеков, жас режиссерлер Кристина Михайлова және Иван Ардашов таңдады.

Ал халықаралық байқаудың жеңімпаздарын «Қазақфильм» АҚ вице-президенті Айдархан Әділбаев (қазылар алқасының төрағасы) бастаған қазылар алқасы анықтады. Оның құрамына кинотанушы, киносыншы Инна Смаилова, продюсер Серік Әбішев және актриса Қарлығаш Мұхамеджанова кірді.

Естеріңізге сала кетейік, Baiqonyr ISFF – биыл алтыншы рет өткен Қазақстандағы алғашқы халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивалі. BISFF фестиваль қатысушыларының шығармашылық «шарықтауы» және қазақстандық кинода жаңа есімдердің ашылуы үшін бастапқы алаңға айналды.

Биыл фестивальге 180 жұмыс ұсынылды, оның ішінде 23 фильм ұлттық байқаудың қатысушылары болды, ал халықаралық байқаудың қатысушылары құрамына ТМД елдерінен 13 фильм кірді.

Фестиваль Алматыда, Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында, 8-12 қыркүйек аралығында, ТМД мемлекеттерінің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының қолдауымен, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жабық форматта өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here