Ұстазға тілек!

0
2006

Алыс та емес, жақын да емес осы ғасырдың басы. Арманшыл, қиялшыл өскен біздер 2001 жылы Жамбыл облысына қарасты Шу қаласындағы Төле би орта мектебінің бастауыш сыныбымен қимай қоштастық. Ұстазымыз – Ұлбике Ысқақова. Содан бері 23 жыл өте шығыпты. Оның үстіне ұстазымыз биыл кезекті төртінші сынып оқушыларын түлеп ұшырды және зейнетке шығып отыр.

Әрине, қазіргі оқушылар ұстаздардың ұлылығын байқамауы мүмкін, олардың қадірін білмеуі де мүмкін. Бірақ, біз секілді отыздан асып, қырыққа қадам басқанда ұстаздың еңбегі – өлшеусіз екеніне көз жеткізері сөзсіз. Өйткені, шәкірт ұстаз салған сара жолмен жүріп, ол нұсқаған сүрлеумен ғана ілгері басады, сөйтіп өмірден, қоғамнан өз орнын табады. Сондықтан «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді. Демек, үлкен өмірге жол сілтеген жандарға құрмет қашанда жоғары болатыны анық.

Ұлбике апайымыздың жалпы еңбек өтілі 42 жыл болса, соның 35 жылын бір мектепте өткізді. Міне, нағыз мұғалім сондай болса керек. Жасы 60-тан асса да, жастық шағымыздың бір бөлшегіндей жаны мәңгі жас ұстазымыз Ұлбике Тоқтарқызына бүгінгі күні мерекелік көңіл күй тілейміз. Енді бейнеттің зейнетін көруге жазсын! Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілесек артық болмас.

Жасұлан МӘУЛЕНҰЛЫ,
мектептің 2007 жылғы түлегі,
ақпарат саласының үздігі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here