ҚызПУ мен Халықаралық бағдарламалар орталығы ынтымақтастық орнатты

0
1859

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Келісімге Қыздар университетінің ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры Нұрғали Аршабеков пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова қол қойды.

Ынтымақтастық шеңберінде өзара ақпарат алмасу, «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерін жұмысқа орналастыруға байланысты мәселелер, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы хабарландыруларды қос тараптың әлеуметтік желілері мен жаңалықтар лентасында жариялау, кадр мәселелері бойынша кеңес беру және олардың шешу жолдарын іздестіру сынды іс-шаралар жүзеге асады.

– Меморандум аясында тараптар бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін, ашық есік күндерін, «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен кездесулерді, дөңгелек үстелдерді және өзге де бастамаларды бірлесе өткізбек. Сонымен қатар келісім оқу орны мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» арасында өзара тәжірибе және білім алмасуды көздейді, – деп атап өтті Қыздар университетінің баспасөз орталығының басшысы Жандар Асан.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here