ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаевтың айтуынша, бүгінде азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену – қылмыстардың ең көп тараған түрі. Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында алаяқтық қылмыстарға қарсы нақты шаралар қабылдау керегін жасырмай атап өтті.










