Ұстаз мерейін өсірген Жолдау

0
1397

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын жариялап, Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі басымдықтары: пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму; денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру; сапалы білім беру; өңірлік саясатты жетілдіру; еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру; саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау; ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы мәселелерін қозғады.

Президентіміздің маңызды және нақты тапсырмалары, ең алдымен, халықтың әл-ауқатының деңгейін ғана емес, педагог мәртебесін арттыруға да бағытталған. Жолдауда көтерген мәселелердің ішінде білім саласын, оның ішінде ұстаздарға деген қолдауын ерекше атап өткім келеді. Пандемия жағдайында білім беру жүйесінің алдына маңызды міндеттер қойылды.

Білім беру саласында Мемлекет Басшысы қашықтан оқыту қолжетімді және инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету үшін телекоммуникациялық желілерді дамыту қажеттігін атап өтті. Осы мәселеге байланысты Үкіметке қашықтан оқыту нысаны үшін ақпараттық жүйелердің сапасын жақсарту тапсырылып, «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасын енгізуі тұрмысы төмен отбасыларда өсіп жатқан балаларға қосымша қолдау көрсетілуі тиіс екендігін айтты.

Президент мұғалімдерді қолдау және ынталандыру үшін оларды мемлекеттік бюджет есебінен бес жылда емес, үш жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу керектігін тапсырды. Сонымен қатар, 2025 жылдың соңына дейін оқушылар үшін орын тапшылығын азайту мақсатында мектеп құрылысының көлемін 800-ден 1000-ға дейін арттыру тапсырылды. Бұл аталған бастамалар халықтың сауаттылық деңгейін көтеретіндігіне сенімдімін.

Білім жүйесі дегініміз өткен ұрпақтың келер ұрпаққа деген мұрасы. Сол мұраны жеткізетін ерекше әлеуметтік байланыстар. Сондықтан біз ұстаздың мәртебесін қоғамда нақтыламай, білім жүйесінде үлкен жетістіктерге жетуге өте қиын болады.

Мемлекет басшысының ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыратындығы педагог қауымын жігерлендіреді. Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, жоғары және орта білім саласы алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр.

Жалпы елдің тұрақтылығы, бірлігі болып жатқан өзгерістер кезінде, экономикалық тұрақсыздық кезінде өте жақсы қоғамға, әсіресе, ұстаздарға, бала ерекшелігіне қарай инклюзивті білімді дамытуға ерекше мән беріп, ерекше мейірімділікпен сол проблемаларға қарау, меніңше, біздің қоғамның келесі дамыған сатысында екенін көрсетеді. Сондықтан барлық қазақстандықтар бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын ести отыра жаңа үмітке, белестерге жаңа жоспарларын құра бастайды. Осы жолдауда аталған маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар.

Зульфира Салимжановна РАССУЛОВА,
А.Розыбакиев атындағы
орта мектеп коммуналдық мемлекттік мекемесінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here