Біз Жаңа Қазақстанды таңдап, конституциялық өзгерістерге дауыс беріп, референдум жасадық. Ал енді алда, ел дамуына тағы бір серпін беретін таңдау тұр.
Бұл жайында Астанада Орталық референдум комиссиясы АЭС бойынша жиын өткізді. Белгілісі, 6 қазанда референдумда бір ғана сұрақ тұрады, бұл «Сіз Қазақстанда Атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген.
Кешегі Жолдауда, АЭС салу мәселесі бойынша Тоқаев республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойғанын естідік. Ізін суытпай, міне нақты әрекеттер де басталды. Комиссия өкілдерінің мәлімдеуінше, осы жарлықтан кейін 4 қазанға дейін насихат жұмыстары жүрмек. Содан кейін референдумда 12 176 968 адам дауыс беретін электорат өз шешімін айтуы керек.
Президент референдумға сүйеніп отыр, онысы демократиялық қадам. Әйтпесе, бұрынғы Қазақстанда бұндайлар болды ма, ұмытып қалған шығарсыздар?!
Жалпы ел мүддесіндегі әрбір маңызды саяси қадам жұртпен бірлесіп жасалуы тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға салуы заңдылық. Президент бұны, референдумға дейін қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті уақыт деп отыр.
Негізі жаһан тұрмақ өзімізде энергия тапшылығы өзекті. Сондықтан, ғалымдарды тыңдап, атом электр энергиясын дамытуға көңіл бөлу керекпіз. Сенімді әрі экологиялық таза қуат көздері бойынша, қазір әлемде 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Сол себепті, мол энергияны беретін атом энергетикасы өндірісі бізге қажеттігі анық.
М. ЖАҚАУОВ,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Әлеуметтік даму мәселелер жөнінен проректоры