Жаз мезгілінде балалардың каникулы болғандықтан бос уақыты көп болады. Ал, олардың бос уақыты кезінде ата–аналар балалардың қауіпсіздігіне екі есе мұқият болған абзал.
Көп қабатты үйлерде ашық терезе үйдегі ең қауіпті жерлердің бірі. Әсіресе, балалар жаз мезгілінде биіктіктен төменге көп үңіліп, терезеден қызығып достарын қарайды. Сондықтан, үйдің үлкендері кішкентай балаларды қараусыз қалдырмай, барлық жиһаздарды терезе алдынан алшақ орналастырып, бала қауіпсіздігі үшін терезеде темір торлардың болғаны жөн. Бала терезені өз еркімен аша алмау үшін терезеге арнайы бекіткіштер орнату қажеттігін де ескеру керек.
Балалардың қауіпсіздігі үшін үйдегі бұзылған электр құралдарын пайдаланбаған дұрыс және тамақтану кезінде балалардың ас үйде күйіп қалмауын, газ құбырлары мен тұрмыстық электр құралдарын пайдалануда да мұқият болған абзал. Сондай-ақ, балаңыз ойын алаңына шыққан кездегі қауіпсіздігін жіті қадағалаңыз. Көп жағдайда тал теректер мен көліктердің тасасынан көрінбей, баланың жүгіріп шығу салдарынан неше түрлі оқыс оқиғалар орын алуда.
Дина Максотова,
Атырау облысы полиция департаменті
Ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты