Чанкыры Каратекин университетімен келісім жасалды

0
2135

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркиядағы Чанкыры Каратекин университетінің ректоры Харун Чифтчи бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Құрметті меймандармен ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов кездесу өткізді.  

Келіссөз барысында тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен серіктестік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар екіжақты келісімге қол қойды. Онда білікті кадрларды даярлау, студент және оқытушылар алмасу, ғылыми бағытта бірлесіп зерттеулер жүргізу, серіктестікті дамыту шаралары көзделген.

Кездесуде Еркін Дүйсенов бауырлас елдер арасындағы өзара тығыз ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтіп, ҚазҰУ-дың жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы айтты.

«ҚазҰУ Түркияның жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, табысты жұмыс істеп келеді. 2022 жылы Ыстамбұл университетінде ҚазҰУ филиалы ашылды. Университетте ТҮРКСОЙ кафедрасы бар. Бүгінгі келісім алдағы уақытта Чанкыры Каратекин университетімен ынтымақтастықты арттыруға, бірлесіп жұмыс істеуге зор мүмкіндік береді деп сенемін», – деді проректор.

Өз кезегінде Чанкыры Каратекин университетінің ректоры Харун Чифтчи екі ЖОО арасындағы ынтымақтастықты дамытуға күш-жігерін салатынын жеткізді.

«Чанкыры Каратекин университеті 2007 жылы құрылған. Қазіргі таңда оқу ордасында 10 мыңнан астам студент білім алады. ҚазҰУ мен Чанкыры Каратекин университеті арасындағы достық жаңа кезеңге көтерілді. Осыған байланысты біз серіктестіктің жаңа бағыттарына әрдайым ашықпыз», – деді Харун Чифтчи.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here