Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері, жастар саясаты мәселелері басқармаларының және «Жаса жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» тақырыбында теолог, дінтанушы, ұстаз Нұрлан қажы Байжігітұлы Асановтың Жамбыл облысының жастарымен кездесуі өтті.
Шара барысында Нұрлан Байжігітұлы жастардың психологиясына әсер ететін дағдарыс пен күйзелісті болдырмау, деструктивті теріс діни ағымдардың алдын алу, жаңадан некеге тұрған жас жұбайлардың отбасылық өмірге бейімделуі сынды бағыттардағы тақырыптар аясында әңгіме өрбітіп, еркін форматта сұхбаттасты.
Сонымен қатар, Нұрлан Байжігітұлы жастарды толғандырған, маңызды мәселеге айналған әлеуметтік тақырыптар аясындағы сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге көрермен ретінде 500-ден аса Тараз қаласының, Байзақ ауданының жастары мен студенттері, «NEET» санатындағы жастар, БАҚ өкілдері, демеушілер, жас кәсіпкерлер қамтылды.