Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

0
1495

31 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығының өкілдерімен кездесті. Кездесудің мақсаты – Абай университеті мен Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою.

Іс-шараға аутизм спектрінің бұзылуы, ментальді және мінез-құлықтық бұзылулары бар балаларға қолдау көрсету және көмек көрсету жүйесін дамыту жөніндегі жобалық топтың үйлестірушісі, жоба сарапшысы Айнұр Құдайбергенова, оқу орнының Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Хайрулла Жанбеков, Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева, Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Римма Әбдіқадырқызы қатысты.

Меморандумды іске асыру Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдерін кешенді көмек көрсетудің заманауи жалпыға бірдей танылған халықаралық әдістерімен оқытуды және кейіннен университеттің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру аясында студенттерге осы әдістерді үйретуді көздейді. Оқытуды сәтті аяқтаған оқытушылар университеттің бакалавриат және магистратура бойынша білім беру бағдарламаларына енгізу үшін мамандандырылған және авторлық білім беру курстарын әзірлейді.

Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы жаңа инновациялық технологиялар негізінде есту қабілетінің негізгі ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу және адам аяқ-қолдарын протездеу бойынша өзекті мәселелерді шешеді. Шетелдік әріптестермен тұрақты қарым-қатынас орнатқан. Алған білімдерін тәжірибеде іске асырып, қолданады.

Кездесу барысында ректор ерекше балалар мен олардың отбасыларының құқықтарын қорғау, мұндай балалардың қоғамға интеграциялануына ықпал ететін қоғамдық пікірді қалыптастыру саласындағы маңызды міндеттерді орындауға бағытталған ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Мүмкіндігі шектеулі балаларды дұрыс құрастырылған білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажет. Ол үшін университет әлемдік тәжірибе алмасуға, мамандарының біліктілігін арттыруға барлық жағдайды жасауға дайын.

АСБ, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларға қолдау және көмек көрсету жүйесін дамыту бойынша жобаның жұмысы мен университеттің білім беру бағдарламасына енгізу үшін авторлық білім беру курстары, арнайы нұсқаулықтар әзірлеу бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here