Кәсіпкерлер нысандарын өз күштерімен де қалпына келтіре бастады

0
1017

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 1432 байланыс орталығына кәсіпкерлер тәртіпсіздік салдарынан келтірілген залал туралы ақпарат, фото және видеоларды жіберіп жатыр. Сондай-ақ, жұмысын тезірек бастау үшін кәсіпорындарын өздері қалпына келтіріп жатқан кәсіпкерлер бар. Олар зардап шеккен бизнес тізілімінен шығуды шешіп, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Осылайша, кәсіпорындар көмектен бас тартқаннан кейін алдын ала есеп бойынша жалпы шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден 93,7 млрд теңгеге дейін азайды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП-ның  Баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, елдің 10 өңірінде 2023 нысанда орналасқан 1731  зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1869 нысанда орналасқан 1591 субъект. Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1581; қоғамдық тамақтану – 48; қаржы секторы – 71; логистика – 26; БАҚ – 5.

Байланыс орталығына барлығы 5750 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 2115, форс-мажор – 307, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 23, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 445, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 2085. Өңірлік палаталарға форс-мажор туралы куәлік алу бойынша 502 қоңырау және 89 өтініш келіп түсті.

Еске салайық, зардап шеккен кәсіпкерлерге Алматы кәсіпкерлерінің бастамасымен құрылған «Күшіміз бірлікте» қорынан көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтар мына реквизиттерді пайдалана алады:

«БанкЦентрКредит» АҚ:

алушы: «Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583

есепшоты: KZ268562203115072353

«БанкЦентрКредит» АҚ реквизиттері: БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX БСН/БИН 980741000260 010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Қабанбай батыр даңғылы, 15 А.

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ:

алушы: «Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583

есепшоты: KZ52551Z128000206KZT

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ реквизиттері: БИК KSNVKZKA

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here