Жарқын бейнесі жадымызда сақталады…

0
1922

Өмірдің өрісі бірде кеңейіп, бірде тарылған мына алмағайып уақытта қазығы берік ойларға көбірек тоқтайды екенсің. Жақсы мен жаманды айыру өз алдына, Мәңгілік дейтін дүниелік құбылыстың жұмбағы мен жаратылысын тану, талдау, бағалау қажеттігін де сезіне түсетінің даусыз. Әсіресе, жақын адамдарың жаныңнан біржола алыстап, «келместің кемесіне» мінгенде… тіптен қиын…

Әттең, дүние арман-ай, мына дүние жалған-ай, сом тұлғасы сонадайдан шалынар, сырты нұрлы, іші сырлы, бітімі бөлек бекзат азамат Қасым (Әділ-Қасым) Жинақбаевты қайғының қара жыланы зәрлі уын аяусыз шашып, аярлықпен аямай шағып арамыздан алып кетті. Қасиетті жұма күні Шу ауданына қадірлі болған Қасым қария 86 жасқа қараған шағында өмірден озды. «Өмірден озды» деп айту ауызекі жеңіл, ал жүрек түкпірінен осы сөзді шығару, сол жүрекке қаншалықты қайғы салмағы екендігін сөзбен өру мүмкін емес…

Адам ұрпағымен мың жасайды. Жұбайы екеуі он перзент сүйіп, жиырмадан астам немере, онға жуық шөбересімен бақытты ғұмыр кешті.

Өз ортасында сыйлы болған Қасым қарияның жарқын бейнесі жадымызда сақталады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын!

Қазаның арты қайырлы болғай!

Марқұмның отбасына, асыл жарына, ұл-қыздарына, бауырлары мен туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

«Qazaq» газетінің ұжымы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here