Елімізде өз-өзіне қол салғандар саны кеміп келеді

0
1587

Қазақстанда жыл сайын суицид деңгейі төмендеп келеді. Оны соңғы жылдардағы статистика растайды. Мәселен, былтыр 3,7 мың қазақстандық өз-өзіне қол салған. Бұл да сұмдық статистика. Дегенмен, 2021 жылмен салыстырғанда суицид көрсеткіші 7%-ға азайған.

Жылда суицид деңгейінің төмендеуіне қатысты тенденция біздің қуанышымызға орай биыл да жалғасатын түрі бар. Неге десеңіз, биылғы жылдың алғашқы екі айында 526 адам өмірмен қоштасса, тиісті кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 5%-ға төмендегенін аңғарамыз.

Өз-өзіне қол салған қазақстандықтар санының төмендегенін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да тіркеп отыр. ДДСҰ-ның әлемдегі суицид деңгейі бойынша соңғы баяндамасында Қазақстан 19-орыннан көрінді. Барыс жылы жүз мың адамға шаққанда суицидтің 17,6 жағдайы тіркелді. Осыдан 10 жыл бұрын 19,2 жағдай тіркелгенін, бұл бойынша еліміз әлемде алғашқы ондыққа енгенін ескерсек, жағдайдың жақсарғанын атап өтпеске болмайды. 2022 жылдың қорытындысында посткеңестік кеңістікте алдымызда Литва (6-орын), Ресей (8-орын), Украина (10-орын), Беларусь (11-орын) және  Латвия (14-орын) тұр.

Әрине, суицидпен күресте арқаны кеңге салуға болмайды. Мемлекеттік деңгейде түрлі шаралар жүзеге асырылып келеді. Суицидтің алдын алуға бағытталған осы ауқымды жұмыстардың арқасында үлкен мәселенің беті бері қарады.

Ерасыл ТӨРЕҚҰЛ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here