Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Соңғы үкім» фильмі көрерменге жол тартты

0
1348

23 мамырдан бастап еліміздің кинотеатрларында «Соңғы үкім» толықметражды көркем фильмі көрсетіледі. Фильмде Ресей империясы мен Еуропаның айтулы университеттерін тәмамдаған білімпаз қазақ зиялыларының алғашқы толқыны ұстаз деп мойындаған бастауыш сынып мұғалімінің өмір жолы туралы баяндалады.

Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін салып, XX ғасырдың бас шеніндегі ірі түрколог ғалымдар оны қалай тең тұтқаны көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл фильм өлім тәнін алса да, бірақ өзін ешқашан жоғалтпай, істеген барлық істері келер ұрпақтың игілігіне айналады деп сенген Ахметтің өмірінің соңғы сәттерінен сыр шертеді.

Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Folklore media» студиясы түсірді. Фильм Алматы, Семей қалалары мен Абай, Алматы, Жетісу облыстарының жерінде түсірілді.

2024 жылдың 23 мамырынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан «Соңғы үкім» фильмін көріңіздер.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here