БЖЗҚ Ұлттық қордан аударылған 100 доллар туралы: Бұл – тек алғашқы есептеу

0
868

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша бала шотына түсіп жатқан сома туралы түсінік берді. «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар түсті.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді», – деп жазылған қордың ресми сайтында.

Ресми мәлімет бойынша, бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны — 6 919 131 бала (қоса алғанда, 01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. дейін туылған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда, 01.01.2006 ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туылған балалар).

«Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді. Бұл тек алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды! Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі», – делінген БЖЗҚ мәліметінде.

Ал 18 жасқа 2024 жылы толатын балаларға аталған сома олардың БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылған нысаналы жинақтау шоттарына түсуі керек. Олар биылдан бастап жинақтарын тұрғын үйге немесе білім алуға кәмелетке толғаннан кейін бірден пайдалануға құқылы.

Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы өзінің жеке кабинетінде, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексере алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here