Қоқысты сұрыптау – қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолы

0
547

Бүгінгі таңда экология мәселесі – адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғи ресурстарды сақтау үшін қоқысты сұрыптау аса маңызды қадам болып табылады. Қоқысты сұрыптау – тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге және қайта пайдалануға мүмкіндік беретін үдеріс. Бұл әдіс табиғи ресурстарды үнемдеп, қалдықтардың полигондарға тасталуының алдын алады. Соның нәтижесінде жердің ластану деңгейі төмендеп, экологиялық тепе-теңдік сақталады.

Абай университетнің қабырғасында табиғатқа зиянды қалдықтар қалдырмау мақсатында «Қоқысты сұрыптау» акциясы өтті. Акцияға университет білім алушылары оқытушылары қатысты. Қоқысты сұрыптау акциясы адамдарды тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқаруға үйрету мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Акция аясында қатысушыларға пластик, қағаз, шыны және тамақ қалдықтарын бөлек жинау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, сұрыпталған қоқысты қайта өңдеу зауыттарына жеткізу жолдары да көрсетілді. Акцияның 3 кезеңнен тұрды. Түсіндіру жұмыстары: Экология мамандары мен еріктілер қоқысты сұрыптаудың маңыздылығы туралы семинарлар мен тренингтер өткізді. Қоқыс жинау: Арнайы қоқыс жәшіктері орнатылып, пластик, шыны, қағаз және органикалық қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылды.Қайта өңдеу: Жиналған қоқыс қайта өңдеу орталықтарына жіберілді.

Акция барысында қатысушылардың экологиялық жауапкершілігі артты. Көптеген адамдар сұрыптаудың тек қоршаған орта үшін ғана емес, экономикалық тұрғыдан да пайдалы екенін түсінді. Қалдықтардың бір бөлігі қайта өңделіп, өндірістік процестерге қайта пайдаланылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here