Сенатта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері туралы заң қаралды

0
621

Сенат депутаты  Сүйіндік Алдашевтің төрағалық етуімен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Сенаторлар Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.

Заңның негізгі мақсаты – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру болып табылады. Ол кондоминиум объектілерін басқару және күтіп ұстау жөніндегі қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге және осы үрдіске пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелерін белсенді тартуға бағытталған.

Заңда кондоминиум объектісін басқарудың бөлек түрін жасау – тікелей бірлескен басқару көзделіп отыр. Сондай-ақ ауылда өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салатын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау мәселесі енгізілетін болады. Бұл ереже Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

Заң қолданыстағы 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Заңды талқылау барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында Мәжіліс қабылдаған заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындап отыр. Сондықтан сенаторлардың ұсыныстары ескеріле отырып, осы заңды Палата отырысында мақұлдауға ұсыну туралы шешім қабылданды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here