Қоштасудың қиыны-ай…

0
585

Төрт президент додасында (1991, 2000, 2007, 2015) сайлаушылардың 90 пайыздан артық дауысын алған Ислам Кәрімов Өзбекстанды ақтық демі қалғанша 27 жыл басқарды. Тұңғыш президент 78 жасында дүниеден өткен соң өзбектер екінші президентін сайлады. Кәрімов тұсында 13 жыл үкімет басқарған Шавкат Мирзиёев 2016 жылы 4 желтоқсанда өткен сайлауда 89 пайыз дауыс жинап, Өзбекстанның екінші президенті атанды.

Зымыран уақыт. Президент өкілеттігінің бес жылдық мерзімі өте шықты. Мирзиёев 2021 жылғы сайлауға қайта түсті. Төрт қарсыласынан оза шапты. Сайлаушылардың 80 пайызы оған сенім артты. Бүгінде 65 жастағы президенттің екінші мерзімінің 1,5 жылы артта қалды. Келесі сайлау 2026 жылы өтеді. Қолданыстағы заң бойынша оған Шавкат Мирзиёев қатыса алмайды. Бірақ, Мирзиёев те Кәрімов сияқты билікті оңайлықпен уысынан шығарғысы жоқ. Содан ол да Ата заңды өзгертуге кірісіп кетті.

15 наурыз күні «Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» заң жобасына «Өзбекстан Президентінің өкілеттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайту» туралы тармақ енгізілді. Конституцияның жаңа нұсқасы қазіргі президент Шавкат Мирзиёевке қатарынан үшінші рет сайлануға мүмкіндік береді. Бұған дейін президенттікке сайлану мүмкіндігі қатарынан бес жылдық екі мерзіммен шектелген болатын.

Иә, билеушілер тарихтан сабақ алмайды екен…

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here