Кәсіп бастауға 1,4 млн теңге кімдерге беріледі?

0
580

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңадан кәсіп бастағандарға қандай көмек көрсетілетінін жариялады. Осы мақсатта жәрдемдесу шаралары ұйымдастырылып қана қоймай, қаржылай көмек те көрсетіледі. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға байқау негізінде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің (1 380 000 теңге) мөлшеріне дейін беріледі.

Грант алуға үміткер болатын санаттар:

  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе студент балалары бар көпбалалы отбасылар;
  • асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
  • қоныс аударушылар;
  • қандастар;
  • еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар.

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Құжат 18 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here